Ең қысқа уақыт бірлігі белгілі болды
Ең қысқа уақыт бірлігі белгілі болды
4 жыл бұрын 3226 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Былайша айтқанда, ең қысқа уақыттың қаншаға созылатыны белгілі болды. Дәлірегі, Германиядағы Гете университетінің ғалымдары ең қысқа уақыт бірлігін анықтай алған. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі Science Alert мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып, мәлім етеді. Физик Рейнхард Дернер мен оның аталған жоғарғы оқу орнындағы әріптестері ең қысқа уақыт бірлігін (аралығын) «зептесекунд» деп атап отыр. Бұл жеңіл бөлшек сутегі молекуласын кесіп өтетін уақыт аралығы – секундтың 10^(-21) бөлігіне тең келеді. Ғалымдар рентген сәулесін бір фотонның сутегі молекуласынан екі электронды ығыстырып шығаратындай етіп орнатқан болатын. Бұл өзара әрекет интерференциялық картина деп аталатын толқынды картинаны тудырған еді. Физиктер оны төтенше шапшаң атомдық және молекулярлық реакцияны тіркеп үлгеретін реакциялық микроскоптың көмегімен өлшей алды.

0 пікір
Мұрағат