Еркектің миы әйелдікіне қарағанда екі есе ерте қартаяды
Еркектің миы әйелдікіне қарағанда екі есе ерте қартаяды
8 жыл бұрын 6836 massaget.kz Нұржамал Үсенова

Мажар елінің ғалымдары ер адамның миы әйелдікіне қарағанда екі есе ерте қартаятыны туралы тоқтам жасады. Соның салдарынан ерлер көбіне түрлі дерттерге жиі шалдығады екен.

«University of Szeged» ғалымдары әр жастағы 53 ер адамның, 10 әйел адамның миына зерттеу жүргізген. Тәжірибеге алынғандардың орта жасы 32-ні құраса, ең үлкені 58-де, ең жасы 21-де болған. Зерттеу нәтижесінде, ер адамдардың жасы келе ми асты орталығының жұмысы баяулайтыны анықталып отыр. Сондай-ақ, қимыл-қозғалысты реттейтін жасушалары өле бастайды екен. Ми асты орталығының қартаюы салдарынан қимыл-қозғалыс қана емес, көңіл-күй мен ақпаратты өңдеп отыратын таламустың да жұмысы бәсеңдейтін болып шыққан.

Әйел адам миының көлемі ер адамдікіне қарағанда 10 %-ға кіші. (Мұның ақыл-парасатқа ешқандай қатысы жоқ) Ер адамның миы уақыт өте келе жылдам кішірейетіні де осы уақытқа дейін зерттелген болатын. Ал ми асты орталығының жұмысы әйелдердікінен екі есе ерте баяулайтыны неврология ғылымы үшін жаңалық саналып отыр. Ғалымдар алдағы уақытта мұның емдеу жолдарын табу үшін еңбектеніп көрмек.

0 пікір
Мұрағат