Есте сақтау қабілетін жақсарту үшін тәулігіне қанша сағат ұйықтау керек?
Есте сақтау қабілетін жақсарту үшін тәулігіне қанша сағат ұйықтау керек?
8 жыл бұрын 11425 ҚазАқпарат

Ұйқының адам ағзасының қалыпты қызметі үшін өте маңызды екені белгілі.

Бұл ретте Лондондағы ауруханалардың бірінің мамандары зерттеу өткізіп, соның көмегімен толыққанды өмір тіршілігі үшін ұйқы уақытының  нағыз қажетті санын анықтау мүмкін болды.

Дәрігерлердің айтуынша, адамодан не көп, не аз емес -  8 сағат ұйықтауы тиіс. Кейін есте сақтау қабілетінің бұзылмауы үшін ағзаның демалуына дәл осындай уақыт қажет.

Ғалымдар емхана пациенттерін белгілі бір уақыт бақылап, күн сайын 8 сағаттан ұйықтағандар адамдардың бет-бейнесін жақсы есте сақтағанын байқады.

Тәжірибе барысында мамандар зерттелушілерге ұйықтар алдында адамдар бейнеленген 20 фотосуретті көрсетіп, олардың есімдерін атады. Ұйқыдан тұрған кезде барлық адамдарды еске түсіріп, олардың есімдерін атау керек болды.

Нәтижесінде, тәулігіне 8 сағат ұйықтаған адамдар бұл тапсырманы басқаларына қарағанда 12  пайызға жақсы орындап шықты.

Бұл зерттеуге 20 жастағы ерікті азаматтар қатысты. Алдағы болашақта ғалымдар басқа жас категорияларында да осындай тәжірибелер өткізбек. 

0 пікір
Мұрағат