Ғалымдар адамды ДНК деңгейінде тұңғыш рет жасарта алды
Ғалымдар адамды ДНК деңгейінде тұңғыш рет жасарта алды
5 жыл бұрын 4845 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Калифорния университетінің (АҚШ) ғалымдары медициналық мақсатта жүргізілген тәжірибеге өз еркімен қатысқандардың биологиялық жасын ДНК деңгейінде сынақтан өткізілетін дәрілік заттың көмегімен азайта алды. Бұл жайында Nature мерзімді басылымында жарияланған мақалада айтылған. Жасы 51-65 аралығындағы тоғыз ер адам қатысқан аталмыш тәжірибе Стэнфорд медициналық орталығында жүргізілді. Респонднеттер жыл бойы медицинада кеңінен қолданылатын дәрілерді, атап айтқанда, гормонның өсуіне әсер ететін және сусамырды емдеуге арналған дәрілік заттарды қабылдап келді. Мұндай нәтижені ғалымдар күтпеген еді: тәжірибеге қатысқандар кем дегенде 2,5 жасқа жасарған, иммундық жүйесі нығайған. Бұдан бөлек, қан айналымы жақсарып, т.б. оңды өзгерістер орын алған. Ағзаларында. Генетика профессоры Стив Хорваттың өзі мұндай нәтиже күтпегенін ағынан ақтыралы отырып жеткізді. Десе де мамандар қуануға әлі ерте екенін, өйткені, бұл нәтиже алдын ала алынған мәлімет екенін тілге тиек етті. Былайша айтқанда, толық сенімді емес, өйткені, бұл бағытта жүргізілген зерттеу жұмыстары толыққанды емес. Осыған байланысты ғалымдар ауқымды зерттеу жүргізіп көрмек. Сөз орайы келгенде айта кету керек, адамның биологиялық жасын ДНК маркерлерінің жиынтығы – «эпигенетикалық сағаты» анықтайды. Ол ағзаның қартаюына қарай өзгеріп отырады. Тағы бір еске сала кететіні, биомаркер осыдан бір жарым ғасыр бұрын ашылған жаңалық болатын, содан бері ғалымдар ДНК-ға әсер ету арқылы биологиялық сағатты баяулатуға әрі жастықты ұзартуға күш салып келе жатыр.

0 пікір
Мұрағат