|
Ғалымдар артық салмақтан арылуға кедергі болатын себепті анықтады
|
Америкалық ғалымдар артық салмақтан арылуға кедергі болатын себепті анықтады.
Флорида Университетінің зерттеушілері - бұл күйзеліс жағдайы деп отыр. Күйзеліс кезінде ағзаның май жасушаларын жою мүмкіндігін төмендетеді екен.
Мұндай тоқтамға келу үшін ғалымдар зертханалық тышқандарды пайдаланып көптеген зерттеулер жүргізді.
Күйзеліс кезінде май жасушаларын бөлшектейтін ферменттің қызметін бәсеңдететін бетатрофин (betatrophin) ақуызы бөлінетіні анықталды.
Осылайша май жиналады екен. Күйзеліс кезінде адамдар арықтай алмайды, деп санайды ғалымдар. Артық салмақтар арылу үшін алдымен психиканы қалыпқа келтірген жөн.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды