Бостондағы Т.Х.Чан атындағы Гарвард қоғамдық денсаулық мектебінің ғалымдары әлсін-әлсін ашығу жасушалардағы энергетикалық алмасу процесін жақсартатынын анықтады. Ғылыми жұмыстан үзінді EurekAlert порталында жарияланды.
|
Ғалымдар ашығу өмір сүру ұзақтығына қалай әсер ететінін анықтады
|
Ғалымдар ағзадағы зат алмасу процесін зерттей келе, физиологиялық реттеудің маңызды механизмдері мен энергетикалық алмасуға жауап беретін митохондриялық желілер жұмысының бұзылуы қартаюдың басты себептерінің бірі деген қорытындыға келді.
Уақыт өте келе желілер жарамсыз күйге түсіп, жасушаны улайтын және зат алмасу процесін бұзатын еркін радикалдар өндіре бастайды. Бұл процесс аурудың пайда болуына бірден-бір себеп болатын көрінеді.
Биологтар тұтынылатын калория санын азайту митохондриялық желілердің белсенділігін арттырып, ұзақ уақыт «жақсы формада» болуға мүмкіндік беретінін анықтады. Осылайша, ашығу жас ерекшелік өзгерістерді тежеп, өмір сүру ұзақтығын арттырады, деп есептейді ғалымдар.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды