Ғалымдар безгек масаларын аурумен өздері күресетін етіп түрлендірді
Ғалымдар безгек масаларын аурумен өздері күресетін етіп түрлендірді
2 жыл бұрын 746 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ұлыбритания ғалымдары Африкадағы безгек ауруының негізгі таратқышы Anopheles gambiae масаларының гендерін өзгертті. Зерттеушілер жәндіктердің ас қорыту процесін өзгертті. Нәтижесінде олардың ішектерінде микробқа қарсы пептидтер деп аталатын екі арнайы молекула пайда болды. Бұл жайында islam.kz порталы naked-science ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Безгекке қарсы» москит пептидтері олардың метаболизмін өзгертеді, олардың өмір сүру ұзақтығын қысқартады және безгек паразитін беру қабілетін нашарлатады. Ғалымдар бұл бағыттағы ізденісте гені түрлендірілген масалар мен жабайы жәндіктерді шағылыстыру процесі туралы да ойластырып көрді. Олар екі штамм жасады – біреуі микробқа қарсы пептидтерді тасымалдайды, ал екіншісінде гендік жетек бар – селекцияның әсеріне қарамастан белгілі бір гендердің тұқым қуалау ықтималдығын 50%-ға дейін арттыратын тетік. Алғашқы сынақтар жақсы нәтиже көрсетті, десе де ғалымдарға далалық зерттеулер жүргізу үшін тағы екі-үш жыл қажет. Жаңа масаларды мүмкіндігінше табиғиға жақын жағдайларда сынап, олардың аталған ауруға қарсы тиімділігін бағалауы керек. Безгек әлі күнге дейін жыл сайын мыңдаған адамның өмірін қиатын әлемдегі ең қауіпті аурулардың бірі болып табылады. Өткен жылдың өзінде 241 миллион адам оны жұқтырған екен.

0 пікір
Мұрағат