Ғалымдар бүргелерді ағынды суларды қауіпті химиялық заттардан тазартуға мәжбүрлеу жолын тапты
Ғалымдар бүргелерді ағынды суларды қауіпті химиялық заттардан тазартуға мәжбүрлеу жолын тапты
4 ай бұрын 792 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Cу бүргелері ағынды суларды пестицидтер мен қауіпті тыңайтқыштардан, сондай-ақ, өнеркәсіп химикаттарынан тазартуда маңызды рөл ойнауы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы күнгі тазарту құрылғылары қоршаған ортаға тап болатын әрі биологиялық әр алуандылыққа қатер төндіретін өнеркәсіптік ластаушы заттардан ағынды суларды толық тазарта алмайды. Бұған қоса, су тазарту сүзгілерінің дені қымбатқа түседі, ол ол ма, мұндай құрылғылардың дені көміртекпен жұмыс істейтіндіктен экологияны ластаушы заттарды бөлуі мүмкін. Яғни, тазарту құрылғыларының өзі ластаушы көзге айналады. Осыны ескерген ғалымдар табиғи сүзгі қызметін атқаратын бүргелерге назар аударған. Daphnia тұқымдасының өкілдері шындап келгенде бүргелердің өзі емес, жолында кездескен детриттердің, балдырлардың немесе бактериялардың кез келген ұсақ бөлшектерін жұтатын 450-ден астам ұсақ шаян тәрізділердің тобына жатады. Ғалымдар бұл тарапта су бүргелері қорек ететін кейбір ластаушы заттардың  төрт түріне назар аударған: фармацевтикалық қосылыс - диклофенак, пестицид - атразин, ауыр металл - мышьяк және су өткізбейтін киім жасау үшін жиі қолданылатын өндірістік химиялық PFOS. Осы ластаушы заттармен тиімді күресетін бүргелерді табу үшін ғалымдар өзен түбіндегі шөгінділерде мекен ететін ұйқы халіндегі эмбриондарды тірілтті. Жұмыртқадан шығу үшін қолайлы жағдайды күтеді. Қолайлы жағдай болмаса, олар ғасырлар бойы ұйқы халінде болады. Ғалымдар эмбриондардың 1900, 1960, 1980 және 2015 жылдардағы штаммдарды таңдады. Зертханада бүргелердің популяциясын клондау арқылы өсірді және олардың генетикалық құрылымы мен өмір сүру дағдыларын сынақтан өткізді. Содан кейін ғалымдар бүргелердің химиялық заттарды алдымен аквариумда, содан кейін 100 литр суда сіңіру қабілетін тексеріп көрді. Қазіргі уақытта олар 2 мың литрден астам суы бар нақты тазарту қондырғыларында қолданылады. Зертханалық жағдайда су бүргелері 90% диклофенакты, 60% мышьякты, 59% атразинді және 50% PFOS-ті сіңірді. Ағынды суларды тазарту қондырғыларына ұқсас жағдайлары бар сыртқы ортада олар бірдей нәтиже көрсетті. Бүргелер өзін-өзі қамтамасыз етеді, өйткені, олар клондау және өзін-өзі реттеу арқылы көбейеді, қолда бар қоректік заттарға байланысты популяциясын көбейтеді немесе азайтады. Индиана университетінің экологиялық токсикологы Жозеф Шоудың айтуынша, шаян тәрізділердің түрлі мекенге бейімделе алатын қабілетіне байланысты аталмыш жүйе түрлі қоршаған орта жағдайларында қолдануға қолайлы болмақ. Бұл жүйе арзанға түмседі және су тазарту құрылғылары секілді қоршаған ортаға көміртегі бөлмейтіндіктен, оны күрделі су тазарту қондырғыларында, сондай-ақ, инфрақұрылымы нашар дамушы елдерде пайдалануға болады.

0 пікір
Мұрағат