Ғалымдар жәндікті киборгке айналдырды (видео)
Ғалымдар жәндікті киборгке айналдырды (видео)
8 ай бұрын 578 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Инженерлер аталмыш жәндікті ойыншық машина секілді басқару жолын тапты. Бұл жайында islam.kz порталы hi-tech ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Наниан технологиялық университетінің (Сингапур) инженерлері тарақандарды зиян келтіріп алмай бағындырудың немесе басқарудың жолын тапты. Алдыңғы зерттеулерде ғалымдар жүйке жүйесіне бекітілген зонд арқылы тарақандарды басқара алғанымен бұл тәсіл жәндіктердің денесін зақымдап, олардың ерте өлуіне себеп болды. Зерттеушілер тарақанның антенналарына (мұртшаларына) әлсіз электрлік импульс жіберетін шағын құрылғы жасады. Құрылғы сол жатағы мұртшасын токпен соққанда тарақан солға және керісінше жүреді. Тарақанның жүгіру жылдамдығын қолдан реттеуге келетіндей ету үшін ғалымдар тарақанның қарнына электродты бекітті, электрод жәндікті жылдамырақ немесе баяу жылжуына ықпал етеді.

0 пікір
Мұрағат