Ғалымдар жапырақтарды электр генераторына айналдырды
Ғалымдар жапырақтарды электр генераторына айналдырды
1 ай бұрын 1646 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытайдың Фужиан ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетінің ғалымдары  тірі жапырақтардың транспирациясына негізделген электр энергиясын өндіру әдісін ұсынды. Бұл тәсіл жапырақтарды тұрақты энергия көзіне айналдыруға мүмкіндік бермек. Бұл жайында islam.kz порталы Interesting Engineering ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар шағын құрылғыларды қуатпен қамтамасыз етуге арналған лотос жапырағын қолданатын генераторды жұртшылық назарына ұсынды. Бұл тәсіл өсімдік негізінде энергия желілерін құру мүмкіндігін ашады. Гидроэнергия әдетте ағыны қатты судың қозғалысы арқылы өндіріледі. Судың тамырдан жапыраққа ауысатын және буланатын табиғи транспирация процесінің электр энергиясын өндіруде энергетикалық әлеуеті зор. Зерттеушілер бұл бағытта тірі лотос жапырағынан транспирация арқылы электр энергиясын өндіретін құрылғының прототипін жасады. Олардың есебі бойынша күллі әлемдегі өсімдіктердің транспирациялық энергиясын пайдалану өз кезегінде жыл сайын 67,5 тераватт-сағат энергиямен қамтамасыз ете алады. Ғалымдардың айтуынша, бұл технология коммерциялық тұрғыдан тиімді және кеңінен қолданылуы мүмкін. Судың булануы кезінде жапырақтың титтей саңылаулары мен өсімдік тамырлары арасында су потенциалының градиенті пайда болады. Бұл процесс электродтар арасында электрлі  әлеует айырмашылығын тудыратындықтан шуақты күндерде энергияны үздіксіз өндіруге мүмкіндік береді. Құрылғының тиімділігіне түрлі факторлар әрқалай әсер етеді. Мәселен, өсімдік сабақтарының қалыңдығы мен жоғары температура өнімділікті арттырады, ал жоғары ылғалдылық оны төмендетеді. Коммерциялық тұрғыдан пайдалану үшін бір жапырақта генерацияның тиімділігін арттыру, энергияны жинау және сақтау әдістерін жетілдіру, сондай-ақ, технологияны қолдану мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерін шешу қажет. Түрлі өсімдіктермен жүргізілген тәжірибелер нәтижесі олардың энергия өндіру қабілеті барын көрсетті.

0 пікір
Мұрағат