Ғалымдар оқты жойып жіберетін сауыт жасады (ВИДЕО)
Ғалымдар оқты жойып жіберетін сауыт жасады (ВИДЕО)
8 жыл бұрын 3536 inform.kz

Америка ғалымдары атылған оқты тоқтатып қана қоймай, оны шаңға айналдырып жойып жібере алатын материалды ойлап шығарды. Қалыңдығы 25 мм металдандырылған композиттік көпіршікке ұқсас бұл материалды оқ өтпейтін сауытқа пайдалануға болады.

Материалды НАТО-ның болатты тесіп өтетін оқтарымен атып сынап көрді. Видеороликте көрініп тұрғандай, инновациялық тақтаға тиген оқ бөлініп, ұсақталып қалады. Солтүстік Каролина штаты университетінің зерттеушілерінің айтуынша, жаңа материал бірнеше қабаттан тұрады. Көпіршіктің өзінен басқа, оның құрамына күйіктас пен кевлар кіреді.

Жаңа материал оқ өтпейтін кеудешелерді жасаудан бөлек, ғарыш саласында және ядролық қалдықтарды тасымалдау үшін пайдалануға болады, себебі ол рентген сәулесін, гамма және нейтрон сәулелерін өткізбейді. 

0 пікір
Мұрағат