Ғалымдар су асты археологиясына арналған роботты ойлап тапты (видео)
Ғалымдар су асты археологиясына арналған роботты ойлап тапты (видео)
8 жыл бұрын 5187

Эстония ғалымдары су асты археологиясына арналған алғашқы роботты ойлап тапты. Бұл құрылғы сүңгуір өте алмайтын қауіпті жерлерді зерттеуге мүмкіндік береді. Әзірге құлтемір сым арқылы басқарылады. Келешекте су түбінде өздігінен қозғалатын болады деп отыр мамандар. Айта кететін жайт, мұндай ақылды техника бұған дейін де болған. Бірақ бағасының қымбаттығына байланысты олар әскери мекемелерде және мұнай компанияларында ғана қолданылған еді. Жаңа роботтың ескілерінен ерекшелігі – бағасының қолжетімділігі. Таави Салумаи, зерттеуші: - Жобаның басты мақсаты – бұл роботты адам көмегінсіз, өздігінен жұмыс істету. Сонда археолог оны кеме қалдықтарын зерттеуге жібере алады. Кейіннен бұл құлтемір түрлі тетіктерді қолданып, өзі зерттеу жүргізбек. Приит Латти, археолог: - Біздің археологтарымыз су астындағы қысым өзгерісінен қиындық көреді. Сондай-ақ батып кеткен кемелерді зерттеу кезіндегі қауіп те зор. Мамандарымыз бір жерде тұрып қалып, шыға алмаған кездер де болды. Оған қоса, сүңгуірдің жабдығы да істен шығып кетуі мүмкін.

 

Токиода роботтар көрмесі өтті

Жапония астанасында халықаралық робот техникалар көрмесі өтіп, оған әлемнің әр бұрышынан келген 450 компания қатысты. Қойылған роботтардың ішінде жапон тілінде сөйлейтін Леонардо да Винчиді де кезіктіруге болады. Оған қоса табиғи апат кезінде қауіпті істерді өзі атқара алатын және көңіл көтеру үшін билеп беретін де құлтемірлерде бар. Токиодағы техника көрмесі бүгін аяқталады. Сатоши Кочияма, NEDO компаниясының менеджері: - Бұл роботтар адам істейтін кейбір қауіпті жұмыстарды өздері атқара алады. Мәселен, апаттан кейін есікті ашып немесе кедергілерді алып, баспалдақ арқылы көтерілу қажет болған жағдайда осы функцияларын пайдалануға болады.

0 пікір
Мұрағат