Ғалымдар тауық жұмыртқасындай қарбыз сортын шығарды
Ғалымдар тауық жұмыртқасындай қарбыз сортын шығарды
2 сағат бұрын 57 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америка құрама штаттарында Делани Раптис есімді әуесқой селекционер мен оның анасы тығыздығы жоғары жүйе үшін көлемі тауық жұмыртқасындай болатын қарбыздың бірегей желісін әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Hortidaily дерек көзіне жөн сілтеген EasrFruit ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Виргинияның солтүстігінде өмір сүретін селекционерлер өсімдіктер қысқа тораптардың арқасында тігінен өсіп-өнетін фермаларға өте қолайлы өсімдік сортын шығаруға баса назар аударып келеді. Олардың айтуынша, мұндай сорттар 2021 жылдан бастап ГМО-ны технологиясынсыз (генін түрлендіру технологиясын қолданбай), тек химиялық мутагенез арқылы шығарылады. Мұндай өзгеше технология фермерлерге тар кеңістікте бау-бақша дақылдарын үкен инфрақұрылымды қажет етпейтін, яғни, аз шығынмен өсіруге мүмкіндік береді. Жаңа желінің (сорттың) қызыл және қызғылт сары жұмсағы бар және көлемінің кішкентай болғанына қарамастан қант мөлшері жоғары болып қалады. Жемістердің мұндай форматы фермерлерге жылыжайлар алаңын тиімді пайдалануға және тікелей тұтынуға дайын өнім алуға мүмкіндік береді.

0 пікір
Мұрағат