Ғалымдар ұзақ өмір сүрудің тәсілдерін ұсынды
Ғалымдар ұзақ өмір сүрудің тәсілдерін ұсынды
8 жыл бұрын 2987 ummet.kz

Қазіргі медицина диабетке қарсы белгілі дәрі-дәрмектерді ағзаны жасарту үшін қолдануды ұсынады. Осы арқылы ұзақ өмір сүрудің ғылыми мүмкіндіктері де пайда болды, деп хабарлайды Islam.ru.

Статистикаға сәйкес, жалпы диабет дертіне шалдыққандар өзге адамдардан 8 жылға аз өмір сүреді. Алайда, «метформин» дәрісінің қосымша құрамын зерттеу жұмыстары жүргізілген топтағы осы диабетпен ауыратындар дені сау қатысушылардан ұзақ өмір сүргетіндігі анықталған. Мамандар аталмыш препарат арқылы адамдар 120 жылға дейін өмір сүре алады деген болжал жасайды. Бүгінде АҚШ-та 7 жылға есептелген осы тектес тәжірибе қолға алынған. 

 

Адам энергиясының таситын жасы анықталды

Британ ғалымдарының тұжырымы бойынша адамның күш-қуатының толысып, нағыз кемеліне келетін жасы – 31. Яғни, қазіргі тілмен бейнелеп айтқанда, адам энергиясының шарықтау кезеңі осы жасқа сәйкес келетін көрінеді. Бұдай кейін мұндай мүмкіндік адамға 55 жасында келеді екен. Ғалымдардың сөзіне қарағанда, адам осы жасында барынша белсенді өмір сүріп, отбасылық, тұрмыстық, мансаптық мәселелерін шешіп алуы керек. Спортқа ден қойып, саламатты өмір салтын ұстанғаны жөн. 

0 пікір
Мұрағат