|
Қанды тұрақты тапсыратын донорлар ұзақ өмір сүреді
|
Дат ғалымдары тұрақты түрде қан тапсыратын донорлардың денсаулығы туралы осындай тұжырымға келді. Олар өткізген тәжірибеге қанды тұрақты түрде тапсырып тұратын бірнеше миллион донор қатысқан. Сынақ барысында олар мен қанды тұрақсыз түрде сирек тапсыратын еріктілердің денсаулығы салыстырылды. Нәтижесінде үнемі қан тапсыратындардың соңғыларға қарағанда, ұзағырақ өмір сүретіні анықталды. Бірақ, ғалымдар әзірге мұның себебін тапқан жоқ. Сондай-ақ донорлық етудің қан құрамында темірі көп адамдар денсаулығы үшін өте пайдалы екендігі белгілі болды. Ал жалпы қанды тұрақты тапсырып дағдыланған адам кенеттен қан жоғалтқан жағдайда, оның тірі қалу ықтималдығы жоғары болады екен, деп жазады planet-today.ru.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мысыр Nvidia технологияларын қолдана отырып, құны 1 миллиард доллар болатын дата-орталықтың AI орталығын салады
■
Бейнебақылау камерасының адам психикасына бейсаналы әсерінің салдары анықталды
■
Маймыл тапшылығы тұтас индустрияның дағдарысына бастайды
■
Адам ДНҚ-нан “құдіретті күштің” ізі табылды
■
Макао мұсылман саяхатшыларын тарту үшін халал индустриясын дамытады