Grizu-263A түрік шағын спутнигі бір жылда 10 мыңнан астам ақпаратты жіберді
Grizu-263A түрік шағын спутнигі бір жылда 10 мыңнан астам ақпаратты жіберді
1 жыл бұрын 895 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

2022 жылдың қорытындысы бойынша Түркияның алғашқы «қалта серігінен» әлемнің әр түкпірінен 10 мыңнан астам мәлімет алынды. Бұл жайында islam.kz порталы Anadolu Agency ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Алғашқы түрік шағын жерсерігі Grizu-263A 2022 жылдың қаңтарында Falcon 9 зымыран тасығышымен Жер орбитасына шығарылды. Шағын спутникті  Grizu-263A ғарыш тобы әзірледі, оның құрамына Зонғылдақ Бүлент Ежеуит университетінің (BEÜ) инженерлік факултетінің студенттері кірді. «Қалталы» спутниктен деректер қаңтар айының  13-нен кейін, дәлірегі, құрылғы орбитаға шығарылғаннан кейін түсе бастаған. Grizu-263A ғарыш тобының үйлестірушісі Бүлент Екмекші спутниктік деректердің ұшырылғаннан кейін 13 күн ішінде тұрақталғанын жеткізді. «Тұрақтандыру процесі аяқталғаннан кейін спутниктен бұрмаланбаған деректер келе бастады. Біз температура мен гироскопқа қатысты деректерді қоса алғанда мәліметтерге мониторинг жүргізуді бастадық. Біз күн батареяларының тиімділігі туралы көп білдік. Дегенмен, ең бастысы - өңдеу және дизайн саласындағы жақсы біліктілікті көрсететін үздіксіз жұмыс», деп мәлімдеді ол. Оның айтуынша, шағын спутник өз міндетін орындап шықты. Енді жаңа спутник құрастыратын уақыт келгенін жеткізді. Команда координаторы спутниктің полюстердің арасындағы «полярлық орбита» деп аталатын аумақьа қалай айналатынын түсіндірді. «Ол өз осінің айналасында шамамен 1,5 сағатта айналады. Бұл оның Жерді 15 немесе 16 рет айналуын білдіреді. Айналу кезінде спутник әлемнің әртүрлі географиялық нүктелеріне жылжиды. Біз алатын деректерді әлемнің көптеген радиоәуесқойлары да бақылайды. Қазіргі уақытта спутник әрбір 10 секунд сайын мәліметтерді түсіреді. Жыл соңында 10 мыңнан астам мәлімет келіп түсті. Олардың кейбіреулері іріктеліп алынды. Спутникті интернет арқылы да бақылауға болады».

Турецкий малый спутник Grizu-263A за год передал свыше 10 тыс. данных

0 пікір
Мұрағат