Ине салғанда ауруды бәсеңдететін және укол салғанда шприцті қажет етпейтін құрылғы жасалды
Ине салғанда ауруды бәсеңдететін және укол салғанда шприцті қажет етпейтін құрылғы жасалды
4 жыл бұрын 4520 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Парсы елінің Ардабил ғылыми-технологиялық паркінің ғалымдары ине салғанда ауруды айтарлықтай бәсеңдететін әрі укол салынатын жерді жансыздандыру үшін анестезияны қолдануға қажет етпейтін құрылғы жасап шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы iran.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл құрылғы ине салғанда пайда болатын ауруды қалай басады? Оның тетігі периферилік рецептордан миға берілетін ауруды азайтуда жатыр. Аталмыш құрылғыны ойлап тапқан Мождех Кәфаридің айтуынша,Inocool құрылғысының арнайы технологиясы ине салынатын жерде анезтезия үшін қандай да бір химикатты пайдалануды ұйғармайды, өйткені, ол қымбат тұратын сықпа немесе жақпа майлар секілді тиімді әсер ете алады.

Укол салғанда шприцті қажет етпейтін құрылғы жасалды 

Францияның шығысында орын тепкен Crossject компаниясының мамандары укол салғанда шприцті, яғни, инені қажет етпейтін құрылғы жасап шығарды. Оны адам дәрігердің көмегінсіз өзіне сала алады. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі француз тілінде хабар тарататын France Bleu радиостансасына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш құрылғы дәрігер бола бермейтін жерлерде, мәселен, майдан даласында жарақат алғанда пайдалы. Бұл құрылғының жұмыс істеу принципі дәрінің адам организіміне шыны түтікше арқылы жоғары қысыммен енгізілуіне негізделген. Аталған компанияның бас директоры Патрик Александрдың айтуынша, құрылғыдағы сұйықтықтың, дәрі ерітіндісінің қозғалу жылдамдығы сағатына 500-ден 700 шақырымға дейін жетеді. Ол ол ма, бұл аппарат уколды киімнің сыртынан да қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл артықышылығы, әсіресе, қысылтаяң шақта уақытты үнемдеуге мүмкіндік бермек. Бұл құрылғы келесі жылдан бастап жаппай шығарыла бастайды әрі қорғаныс саласында кеңінен қолданылатын болады.

0 пікір
Мұрағат