Жануар түрлерін танудың бірегей тәсілі табылды
Жануар түрлерін танудың бірегей тәсілі табылды
1 жыл бұрын 1042 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Иран биологиялық ресурстар орталығының адам және жануарлар жасушалары банкінің ғалымдары көптеген деректерді сараптау және синтездеу арқылы жануарлар түрлерін анықтау үшін митохондриялық гендерді молекулалық маркерлер ретінде енгізді. Бұл жайында islam.kz порталы бұл бағыттағы шолу мақала жарияланған The Nucleus мерзімді басылымы мен Financial Tribune ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш зерттеуге Адам және жануар жасушалары банкісінің жетекшісі Зара Елиас Горжы мен оның әріптестері атсалысты. Арнайы үлгінің аз мөлшерінен түрді анықтау қиын міндет болғандықтан, ғалымдар инновациялық әдісті табу үшін митохондриялық геннің көшірмелерін пайдаланудың әртүрлі жолдарын зерттеді. Митохондриялық гендер (сонымен қатар, митохондриялық ДНҚ деп те аталады) митохондрия деп аталатын жасуша органеллалары ішінде орналасқан дөңгелек пішінді хромосомалар болып табылады. Бұл гендер «аденозин трифосфаты» деп аталатын жасушаның негізгі энергия тасымалдаушы молекуласын өндіруге арналған энергетикалық зауыттар мен электр стансалары деп аталады.

0 пікір
Мұрағат