Жас ұлғайған сайын уақыт жылдам өтеді – тың зерттеу
Жас ұлғайған сайын уақыт жылдам өтеді – тың зерттеу
2 жыл бұрын 1919 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Адамның жасы ұлғайған сайын мидың қызметі баяулайды, дәлірегі, ми жасушалары да тозады, салдарынан мидың визуалдау (көріністі қабылдау, ақпаратты қабылдау) жылдамдығы баяулайды, ал бұл жайт өз кезегінде уақыттың тез өтіп жатқандай әсерде қалдырады. Бұл жайында islam.kz порталы Studyfinds ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Балалық шағымызда жаз мезгілін немесе сабақта отырған кезімізді еске түсірсек, уақыт бір орнында тұрып қалғандай әсерге бөлейді. Ал есейген сайын уақыт бір мезетте өте шыққандай күйден арыла алмаймыз. Бұл құбылыс адам жасына байланысты орын алатын ерекшелік ретінде қарастырылады Бұл тараптағы зерттеуде қартайған сайын адам миының ақпаратты (көру арқылы қабылданатын) қабылдау және өңдеу жылдамдығының бірте-бірте баяулайтыны анықталды, бұл жайт өз кезегінде естеліктердегі уақытша сәйкессіздіктерге әкеледі, яғни, жадының жаңғыруында сәйкессіздік орын алады. Түсінікті тілмен айтқанда, мидың бейнені қабылдау және өңдеу жылдамдығының баяулауы өз кезегінде уақыт тез өтіп жатқандай әсерде қалдырады. Бұл бағыттағы зерттеуге атсалысқан Дюка университетінің машина құрастыру профессоры Адриан Бежанның айтуынша, адамның жас кезінде ақпарат мида найғзағай жылдамдығымен өңделеді. Ғалымдардың айтуынша, біз қартайған сайын миымыздағы жүйкелер мен нейрондар да қартаяды, олардың көлемі мен күрделілігі артады. Жүйкеміз де қартайған сайын нашарлайды, бұл біздің санамыздағы электр сигналдарының қарқынын бәсеңдетеді. Бұл өзгерістер жаңа психикалық бейнелер мен естеліктерді қабылдау және өңдеу үшін көбірек уақытты қажет ететінін білдіреді. Адриан Бежан өз теориясын растау үшін алға тартқан дәлелдердің бірі - сәбилердің көздері ересектерге қарағанда жиі қозғалады: балалар ересектерге қарағанда кескіндерді жылдам өңдейді, нәтижесінде көздің қозғалысы жылдамырақ болады және ақпаратты жылдам біріктіреді. Белгілі бір уақыт аралығында егде жастағы адамдар жастарға қарағанда көргенін әлдеқайда аз өңдейтіндіктен, уақыт тезірек өтіп жатқандай әсерден арыла алмайды.  «Адам санасы қабылдаған бейнелер өзгерген кезде уақыттың өзгергенін сезінеді. Біреудің сағаты шырылдағандықтан емес, ақыл-ой көзқарасы өзгергендіктен қазіргі заман бұрынғыдан ерекшеленеді. Жастық шақта күн ұзарады, өйткені, жас сана бір күнде кәріліктегі сол санаға қарағанда көбірек бейне алады», деп қорытты сөзін ғалым.

Ұқсас материал:

«Қартайған сайын уақыттың неге жылдам өтетіні анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qartaigan-saiyn-uaqyttyn-nege-jyldam-otetini-anyqtaldy-11663/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат