Өліп бара жатқан адамның айналасындағылардың бәрін еститіні белгілі болды
Өліп бара жатқан адамның айналасындағылардың бәрін еститіні белгілі болды
2 жыл бұрын 1084
Өліп бара жатқан адамның айналасындағылардың бәрін еститіні белгілі болды

Ажал жастығына бас қойып, өлім аузында жатқан адам айналасындағы дыбыстардың барлығын ести алады. Бұл жайында islam.kz порталы planetanovosti ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өліп бара жатқан адамдардың ең соңынан жоғалтатын нәрсесі осы есту қабілеті шығар. Олар соңғы деміне дейін айтқанның бәрін тамаша естиді, тіпті, жанындағы адамның күрсінгеніне дейін ажырата алатын болып шықты. Сол себепті, демі таусылуға жақын адаммен тілдесудің маңыздылығына тоқталды Британдық Колумбия университетінің Елизавет Блудон есімді ғалымы. Неврологтар өлім аузында жатқан адамдарға тағы бір тәжірибе жүргізіп көрген екен. Оларға электродтары бар арнайы қалпақ киген, оның көмегімен мидың әуенге реакциясын және оның тонусының өзгерісін тіркеуге болады. Ми дыбыстарға реакция танытқан, яғни, адам өлімге жақын күйде болса да оны тамаша естігенін көрсетеді. Сондай-ақ, адам есінен танып, өмір белгілерін көрсетпесе де мұндай реакция тіркелген. Осыған байланысты ғалымдар соңғы сәтке дейін адамдар қасында болып жатқан барлық нәрсені ести алады деген қорытындыға келді. Болашақта сарапшылар адамның естігенін түсіну қабілетін қанша уақыт сақтайтынын және өлім аузында жанасуды сезіне алатынын немесе алмайтынын анықтағысы келеді.

Жантәсілім еткеннен кейін адам бірден қандай күйді бастан кешеді – гипотеза

Ғалымдардың болжамынша, адам дние салғаннан кейін өз денесін басқара алмайтынын түсінеді. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Адам өзінің өлгенін түсінеді, алайда, айналасындағы өмірі сезеді. Нью-Йорктегі Langone School of Medicine орталығының мамандары осындай гипотеза келтіріп отыр. Сэм Парния есімді профессор бастаған зерттеушілер тобы ұзақ жылдар бойы мәйіттердің жай-күйін бақылаған. Ғалымдар қайтыс болғаннан кейін біраз уақыт түйсігін жоғалтпайтынын анықтады. Яғни, жүрек соғысы тоқтаған соң адамның миы қызметін біраз уақытқа дейін жалғастыра береді.

Ұқсас материал:

«Ажалы жақын қалғанның тағы бір белгісі айтылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/ajaly-jaqyn-qalgannyn-tagy-bir-belgisi-aityldy-17061/#gsc.tab=0);

«Ғалымдар адамның жан тапсырар алдындағы халін сипаттап берді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-adamnyn-jan-tapsyrar-aldyndagy-halin-sipattap-berdi-15674/#gsc.tab=0);

«Ажалы тақаған адамның өзін қалай сезінетінін анықтауға тырысыпты...» (https://islam.kz/kk/news/arturli/ajaly-taqagan-adamnyn-ozin-qalai-sezinetinin-anyqtauga-tyrysypty-11683/#gsc.tab=0);

«Адамның көп ұзамай бақилық болатынын аңғартатын белгі аталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-kop-uzamai-baqilyq-bolatynyn-angartatyn-belgi-ataldy-15585/#gsc.tab=0);

«Ажалы жақын қалғанын адамның көз қарашығынан да анықтауға болады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/ajaly-jaqyn-qalganyn-adamnyn-koz-qarashygynan-da-anyqtauga-bolady-15528/#gsc.tab=0);

«Ажал калькуляторы жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/ajal-kalkulyatory-jasaldy-15480/#gsc.tab=0) ;

«Адам ажалына 2-3 күн қалғанда білінетін белгілер аталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-ajalyna-2-3-kun-qalganda-bilinetin-belgiler-ataldy-15292/#gsc.tab=0);

"Адамның ажалы жақын қалғанын білдіретін белгілердің бірі аталды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-ajaly-jaqyn-qalganyn-bildiretin-belgilerdin-biri-ataldy-13231/#gsc.tab=0);

"Ажалы жақын қалған адамның қандай түстер көретіні анықталды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/ajaly-jaqyn-qalgan-adamnyn-qandai-tuster-koretini-anyqtaldy-13190/#gsc.tab=0);

«Ғалымдар адамның ақырғы деміне үңілді: өлімнің тағы бір құпиясы» (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-adamnyn-aqyrgy-demine-unildi-olimnin-tagy-bir-qupiyasy-14748/#gsc.tab=0);

"Ажалдың жақын қалғанын анықтаудың тәсілі белгілі болды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/ajaldyn-jaqyn-qalganyn-anyqtaudyn-tasili-belgili-boldy-14638/#gsc.tab=0);

«Ажалы жақындаған адам терісінің түсі қалай өзгеретіні айтылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/ajaly-jaqyndagan-adam-terisinin-tusi-qalai-ozgeretini-aityldy-13981/#gsc.tab=0);

«Науқастың жанарына қарап, қанша ғұмыры қалғанын анықтауы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/gylym/nauqastyn-janaryna-qarap-qansha-gumyry-qalganyn-anyqtauy-mumkin-13977/#gsc.tab=0);

«Өлім факторы: ең соңынан өлетін ағза белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/olim-faktory-en-sonynan-oletin-agza-belgili-boldy-13376/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат