Жасанды өрмекші безі жасалды
Жасанды өрмекші безі жасалды
3 ай бұрын 476 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: RIKEN

Жапонияның RIKEN физика-химия зерттеу институтының ғалымдары өрмекші безінен бөлінетін түзілімге ұқсас торды тоқитын құрылғы ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жасанды без өрмекші организіміндегі процестерді мейлінше дәл қайталауға тырысып, дәлірегі, еліктей (имитация) отырып, желілік жіптің күрделі молекулалық құрылымын қайта жасайды. Микрофлюидтік құрылғы - өрмекші жібегіндегі негізгі ақуыз - спидроин-2 ерітіндісі өтетін кішкентай арналары бар төртбұрышты қорап. Ғалымдар микрофлюидтік жүйені спидроин молекулаларын белгілі бір химиялық және физикалық өзгерістерге ұшыратып, өзіне тән құрылымы бар жібек талшықтарына жиналатындай етіп жасады. Осылайша, ерітіндіні ұдайы түзіп, талшықтарды алу үшін 72 паскал теріс қысымы қолданылды. Бұл құрылғы заманауи тоқыма өндірісінің қоршаған ортаға теріс әсерін азайтуға көмектесе алады. Бұған қоса, өрмекші жібегінің биологиялық тұрғыдан ыдырайтын және биологиялық тұрғыдан үйлесетін, яғни, организм жатырқамайтын табиғаты оны жарақаттан тілінген теріні тігу үшін пайдалануға және өзге де биомедициналық процедураларға қолайлы етпек.

0 пікір
Мұрағат