Жат әдетке үйір болудан құтқаратын әрі күйзелістен емдейтін саңырауқұлақ табылды
Жат әдетке үйір болудан құтқаратын әрі күйзелістен емдейтін саңырауқұлақ табылды
3 ай бұрын 457 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жон Хопкинс атындағы психоделика және сана орталығының сарапшысы Фредерик Баррет жетекшілік еткен ғалымдар никотинге тәуелділік пен күйзелістен емдейтін саңырауқұлақ құрамындағы қосылысты – псилоцибинді тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Star ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, псилоцибин никотинге тәуелділік симптомдарын азайтатын болып шықты. Дәлірегі, шылым шегуден бас тартқысы келетін адамның осынау жат әдет алдында өзін тежей алмай жататын кездері көп. Міне, псилоцибин осындай қиындықтарды еңсеруге көмектеседі. Бұған қоса, псилоцибинді N-диметилтриптаминмен біріктірсе, күйзелістен зардап шегетін науқастың да халін жақсартқан. Дегенмен, псилоцибиннің адам психикасына қаншалықты қауіпсіз екендігі толық тексерілген жоқ, яғни, клиникалық сынақтан өткен жоқ. Соған қарамастан Ұлыбританияда псилоцибинді емдік мақсатта қолдану мәселесі көтеріліп жатыр.

0 пікір
Мұрағат