Картоп жүкті кезде сусамыр қаупін арттырады
Картоп жүкті кезде сусамыр қаупін арттырады
8 жыл бұрын 2767 ҚазАқпарат

Америкалық Мэрилэнд штатындағы Ұлттық денсаулық институтының ғалымдары жүкті әйелдің рационында картоптың болуы қант диабетінің (сусамыр) туындау қаупін арттыратынын анықтады.

Ғалымдар 21 мың жүктілік тарихын зерделеп, аптасына бес рет  немесе одан көп картоп қосылған тағам тұтынатын әйелдерде басқаларына қарағанда сусамыр диагнозы бір жарым есе көп анықтаған.

Ғалымдар оған себеп картоп құрамындағы крахмал деп санайды. Зерттеушілердің пікірінше, крахмал қандағы қант құрамын күрт көтеріп жібереді екен.

Жүктілік сусамыры - әйелдерде жүктілік кезде пайда болатын қант сусамырының түрі. Көбінесе бала туғаннан кейін жоқ болып кетеді. Ондай кезде қандағы қант тамақ ішкеннен кейін көтеріледі.

Медиктердің айтуынша, мұндай сусамыр екі-үш пайыз жүкті әйелдерде байқалады. Босанғаннан кейін жағдай тұрақталғанына қарамастан, сусамыр баланың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

0 пікір
Мұрағат