Көмірқышқыл газын оттегіге айналдырудың жолы табылды
Көмірқышқыл газын оттегіге айналдырудың жолы табылды
3 жыл бұрын 2252 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Квинсленд университетінің химиялық инженерия мектебінің ғалымдары көмір қышқыл газын оттегіге әрі қатты көміртекке айналдырудың тиімді тәсілін тапты. Бұл жайында islam.kz порталы onlinelibrary.wiley.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл жаңалық өз кезегінде машинаны экологиялық көлікке айналдырады, яғни, паринкті газ емес, таза оттегі бөлетін болады. Бұл бағытта арнайы тәжірибе жүргізген ғалымдар екі литрлік қондырғыны пайдаланады – Цельсия бойынша шамамен 30 °C температурада балқитын жеңіл металл – галлия арқылы көмірқышқыл газын өткізетін физикалық-химиялық процес жүреуі тиіс. Қоспаға аталған металды сұйық күйінде қосады, сондай-ақ, оның нанобөлшектерін де үстейді. Бұдан бөлек, қоспа құрамында наноөлшемді күміс таяқшалар да болады. Қоспа барынша араластырылады, нәтижесінде трибоэлектрохимиялық реакция пайда болады –зат сұйық күйінде қатты үйкелістен беткі жағындағы жоғарыда аталған қатты қоспалармен өзара әрекеттесетін болады. Ғалымдардың мәлімдеуінше, қондырғы бір ай ішінде тұрақты түрде минут сайын 100 мл CO2-ін өндірген. Бір тонна CO2-ның таза оттегі мен қатты көміртекке айналуына бар-жоғы сағатына 230 кВт·электр энергиясы кеткен. Алымдар аталмыш қондырғының 92% тиімділікпен жұмыс істейтінін алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат