Күйзелісті емдеуге көмектесетін «шаттық бактериясы» табылды
Күйзелісті емдеуге көмектесетін «шаттық бактериясы» табылды
1 жыл бұрын 1316 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ресейлік ғалымдар ішектен Faecalibacterium prausnitzii бактериясын тапты, оның концентрациясы (шоғырлануы) клиникалық депрессиядан, яғни, асқынған күйзелістен зардап шегетін адамдарда төмендейді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы туралы жарияланған «Известия» мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған микробтардың арқасында бұл ауруды емдеудің жаңа әдісін табуға болады. «Депрессияға ұшыраған науқастардың ішек микробиотасының метагеномында дені сау адамдарға қарағанда қай гендер айтарлықтай көп немесе аз екенін білсеңіз, екі мүмкіндікке ие боласыз. Біріншіден, сіз психикалық ауруды диагностикалауда көмекші құрал ретінде нәжісті талдауды пайдалана аласыз. Екіншіден, сіз депрессиямен ауыратын науқастардың микрофлорасын қалыпқа келтіретін препараттарды жасай аласыз», деді бұл бағыттағы зерттеуге атсалысқан Алексей Ковтун. «Осыған ұқсас зерттеулер бүкіл әлемде жүргізілуде - ғалымдар ішектегі процестердің психикалық жағдайдың өзгеруімен қалай байланысты екенін анықтауға тырысуда. Жаңалықтар депрессияны емдеудің мүлдем жаңа стратегияларын жасауға көмектеседі», дейді Мәскеу қалалық денсаулық сақтау департаментінің психиатры Георгий Костюк.  Оның айтуынша, ғалымдар Faecalibacterium prausnitzii жасанды жолмен өсіріп, ұнтаққа айналдырып, одан дәрі жасай алады. «Десе де бұл тәсіл жарамсыз болуы мүмкін - ішектегі бактериялар басқа түрлермен және штамдармен үнемі қатаң бәсекелестікте болады және біздің «дұрыс» бактериялар үнемі капсулаларда жіберілсе де, тамыр ала алмауы мүмкін», деп сөзін аяқтады ғалым.

Ұқсас материалдар:

«Күйзелісті де бактериямен емдеуге көшті. Күйзеліске бастайтын бактерия табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/kuizelisti-de-bakteriyamen-emdeuge-koshti-kuizeliske-bastaityn-bakteriya-tabyldy-17534/#gsc.tab=0);

«Күйзеліс (депрессия) иммундық жасушалардың өзіндік ерекшелігін өзгертеді. Күйзеліс қабынуды тудырады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/kuizelis-depressiya-immundyq-jasushalardyn-ozindik-ereksheligin-ozgertedi-kuizelis-qabynudy-tudyrady-16984/#gsc.tab=0);

«Депрессия дерті жұқпалы болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/depressiya-derti-juqpaly-bolyp-shyqty-13869/#gsc.tab=0);

«Баласын емізген әйел күйзеліске бой алдырмайды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/balasyn-emizgen-aiel-kuizeliske-boi-aldyrmaidy-15959/#gsc.tab=0);

«Күйзеліске түсу аллергияға шалдықтырады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/kuizeliske-tusu-allergiyaga-shaldyqtyrady-3724/#gsc.tab=0)

«Күйзелістің (депрессия) ажалды жақындататын қатері белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/kuizelistin-depressiya-ajaldy-jaqyndatatyn-qateri-belgili-boldy-15097/#gsc.tab=0);

"Депрессияның әлем экономикасына төндірген қатері - 1" (https://islam.kz/kk/news/arturli/depressiyanyn-alem-ekonomikasyna-tondirgen-qateri-1-11529/#gsc.tab=0);

"Депрессияның әлем экономикасына төндірген қатері - 2" (https://islam.kz/kk/news/alem/depressiyanyn-alem-ekonomikasyna-tondirgen-qateri-2-11542/#gsc.tab=0);

"Тұңғиыққа тартқан жапон иірімі" (https://islam.kz/kk/news/alem/tungiyqqa-tartqan-japon-iirimi-11409/#gsc.tab=0)   

0 пікір
Мұрағат