Күйзелістің қабыну процесін күшейтетіні белгілі болды
Күйзелістің қабыну процесін күшейтетіні белгілі болды
3 жыл бұрын 2665 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті. Алғашқы сөйлемнен кейін қойылуы тиіс сілтеме

Ұлыбритания ғалымдары 86 мың адамға зерттеу жүргізіп, нәтижесінде күйзелістің (депрессияның) адам организімінде қабыну процесіне ықпал ететінін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған American Journal of Psychiatry мерзімді басылымы мен атаған зерттеу туралы хабарлаған ajp.psychiatryonline.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Күйзелістің адам денсаулығына теріс ететіні бұрыннан белгілі, алайда, осынау психологиялық дерттің адамның ажалын жақындатып, тез қартайтатыны кейіннен анықталып отыр. Бұл тарапта арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізген ағылшын ғалымдары UK Biobank жобасы аясында 85 895 адамның қан үлгілері мен ДНҚ-сын талдаған екен. Бұдан бөлек, олардың дене салмағы, жасы, жат әдетке бой алдырғаны, өмірде алған жарақаты, әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен мәртебесі ескерілген. Қабыну – организмнің қандай да бір ауытқуға қарсы реакциясы. Қабыну процесінің өз биомаркері бар, оны қан анализінен табуға болады – С-реактивті ақуыз (СРА). Міне, осы зат аталған зерттеуге тартылған пациенттердің 31 пайызынан байқалған. Осылайша ғалымдар күйзеліс пен қабыну процесінің арасында тікелей байланыс барына көз жеткізіп отыр. Дәлірегі, күйзеліске түскен адам жиі шылым шегеді, жиі тамақтанады, содан барып артық салмақтан зардап шегеді, т.б. осылардың барлығы сөзсіз организмде қабыну процесін тудырады. Осы орайда С-реактивті ақуыздың жоғары болуы тек күйзеліспен байланысты болатынын тағы бір мәрте қайталап айтамыз – генетикалық, психологиялық немесе әлеуметтік, т.б. факторлардың бар-жоғына қарамастан.

Ұқсас материалдар:

«Күйзелістің (депрессия) ажалды жақындататын қатері белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/kuizelistin-depressiya-ajaldy-jaqyndatatyn-qateri-belgili-boldy-15097/#gsc.tab=0);

"Депрессияның әлем экономикасына төндірген қатері - 1" (https://islam.kz/kk/news/arturli/depressiyanyn-alem-ekonomikasyna-tondirgen-qateri-1-11529/#gsc.tab=0);

"Депрессияның әлем экономикасына төндірген қатері - 2" (https://islam.kz/kk/news/alem/depressiyanyn-alem-ekonomikasyna-tondirgen-qateri-2-11542/#gsc.tab=0);

"Тұңғиыққа тартқан жапон иірімі" (https://islam.kz/kk/news/alem/tungiyqqa-tartqan-japon-iirimi-11409/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат