Лай балшықтан энергия өндірудің жолы табылды
Лай балшықтан энергия өндірудің жолы табылды
3 ай бұрын 586 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Кескін: Bill Yen/Northwestern University

Америка құрама штатының Солтүстік-Батыс университетінің ғалымдары «балшыққа» батырылған құрылғы арқылы электр энергиясын өндірудің жаңа әдісін көрсетті. Кітап көлеміндей жұмсақ құрылғы топыраққа көміліп, микробтар өндіретін энергияны жинайды. Бұл жайында islam.kz порталы Proceedings of the ACM on Interactive, Mobile, Wearable and Ubiquitous Technologies мерзімді басылымдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Микробтың отын элементтерін тұжырымдамасы бұрыннан бар. Аталмыш тұжырымдама топырақты қорек ету арқылы жақын маңдағы өткізгіштерге электрон беретін бактерияларды пайдалануды ұйғарады. Бұл идеяны нақты іске асырудың негізгі тетігі құрылғы мен бактерияларды топыраққа көмілген кезде сумен және оттегімен қамтамасыз етуге саяды. Инженерлер көлденең дискіде тігінен орналасқан картридж түріндегі құрылымды, яғни, конструкцияны әзірледі. Құрылғының төменгі жағында көлденең диск түріндегі көміртекті киіз анод орналасқан. Ол топыраққа терең көміледі - микробтар лайды сіңірген кезде электрондарды аулай алады. Ал өткізгіш металл катод анодтың үстінде тігінен орналасқан. Құрылғының төменгі бөлігі топырақтан ылғалға қол жеткізу үшін жеткілікті тереңдікте батырылады. Электродтың бүкіл «бойында» таза ауаға арналған саңылау бар, ал қорғаныш қалпақ қоқыстың енуіне жол бермейді және катодтың оттегіге қол жеткізу жолын бұғаттайды. Катодтың бір бөлігі де гидрооқшаулағыш материалмен жабылған, сондықтан су басқан кезде катодтың гидрофобты, яғни, су өткізбейтін бөлігі оттегімен байланыста болып, отын ұяшығының жұмысын қамтамасыз етеді. Құрылғыны фермаларда немесе қоршаған ортаны бақылау стансаларында орнатылған датчиктер үшін экологиялық электр энергиясының көзі ретінде пайдалануға болады. Смартфонды секілді шағын құрылғыларға қуаты жетпегенімен батареяларды үнемі ауыстырмай-ақ бірнеше сенсордың жұмыс істеуіне ықпал етеді.

Топырақ отын элементінің (ұяшығының) конструкциясы. Кескін: Bill Yen/Northwestern University
0 пікір
Мұрағат