Лимон тісті қалай ағартады?
Лимон тісті қалай ағартады?
8 жыл бұрын 8731 ҚазАқпарат

Лимон қосылған шәй тұмау тигенде, тыныс алу жолдары қабынғанда, өте жақсы көмек береді. Шөлді қандырып қана қоймай, жүйке жұмысын реттеп, қан қысымын төмендетіп, қан жолдарын тазалап, ревматизмді жазуға көмек береді. Тісті ағарту үшін тіс пастасына лимон шырынын екі тамшысын қоссаңыз жетіп жатыр. Тісті ағартып қана қоймай қызыл иектің қанауын мен қабынуын төмендетеді. Уланғанда шырынын жылы суға салып, ішсе, токсиндерді шығарады. 

Сонымен қатар, жүрек әлсіз болғанда, лимон қабығын шайнайды. Мұрыннан су аққанда, 4 тамшы шырынды мұрын қуысына күніне бірнеше рет тамызады. Мұрын қанағанда шырынға мақтаны батырып, қояды. Ангина кезінде 1 стақан жылы суға жемістің шырынын араластырып, тамақты шаяды. Лимон қан қысымы жоғарылағанда, атеросклерозда, асқазан ауруында, өт жолында тас бар кезде, пайдалануға болады.

Лиомонның тері күтіміндегі пайдасы:

Құрғақ әрі сезімтал теріні ылғалдандыру үшін 8 шәй қасық жоғары сұрыпты өсімдік майына 4 шәй қасық лимон шырынын мен 2 шәй қасық балды ыдысқа салып, араластырып жағады. Лимон терінің майлылығын азайтып, безеуден де арылтуға пайдалы. Бір жұмыртқаның ақуызы мен лимон шырынын араластырып, 20 минуттан кейін жуып тастаса, тері тазаланады. Тері күйгенде лимоннан компресс жасап, 1 күн байлап ұстаңыз. Жазылуды тездетеді.

Күнделікті өмірдегі лимонның пайдасы:  

Лимон киімге тамған дақтарды кетіреді. Былғары киіміңізге сия тамып кетсе, лимон шырынына батырылған шүберекпен сүртіңіз. Киімге фломастер не маркер тигізіп алсаңыз, аз ғана лимон шырыны мен тұз сеуіп қойып, кейін жуып тастаңыз. Металл ыдысты лимон қабығымен сүртсеңіз, жарқырап шығады.

Үйіңізге құмырсқа үйір болса, жүретін жолына лимон шырынын немесе 2 тілігін тастасаңыз, қайтып кетеді. Көкөніс салынған ыдыстың арасына 1 дана лимон салсаңыз, көкөністер ұзақ сақталады. Сарғайып кеткен киімді қайнаған суға лимон шырынын қосып жусаңыз, түсі орнына келеді. Микротолқынды пештің жағымсыз иісінен арылу үшін, суға бірнеше тамшы лимон шырынын қосып, суды кейін суытып, тоңазытқышқа салып қойыңыз. Иісін тез кетіреді.

Үй көмекшісі лимонның отаны Үндістан, Үнді Қытай, Оңтүстік Қытай. Биіктігі 89 метрге жететін бұл өсімдіктің үйде өсірілетіні 2 метрге дейін жетеді. 60 жыл жасайтын лимон ағашы үй жағдайында 40 жыл өмір сүреді. Оны бабын жасасаңыз әрине, одан ары тағы 10 жыл қосады. Алғашқы жемісін, 10 жыл, ұзақ күтуіңізге тура келеді, баяу өседі. Баяу өскенімен, сіздің үйіңізге әкелер пайдасы шаш етектен.

Кеңестер neke.kz сайтынан алынды

0 пікір
Мұрағат