Микроэлектроника 3D-принтерде басып шығарыла бастады
Микроэлектроника 3D-принтерде басып шығарыла бастады
2 жыл бұрын 1187 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Simone Pagliano

Королдік технология институтының (Швеция) мамандары шағын электрониканы басып шығарудың жаңа әдісін ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы бұл тараптағы зерттеу материалы жарияланған аталмыш ұйымның сайтына (kth.se) сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдардың айтуынша, жаңа әдіс 3D принтерде дәлме-дәл электрониканы шығаруға мүмкіндік береді. Бұл технологияның көмегімен сіз робототехника, медициналық құрылғылар және басқа салалардағы қолданбалар үшін жәндік көлеміндей микроэлектрониканы басып шығара аласыз. Технология екі фотонды полимерлеу процесіне негізделген. Ол бірнеше жүз нанометрге дейінгі жоғары ажыратымдылықтағы (көруге, тіпті, ұстап көруге болатын) нысандарды жасауға мүмкіндік береді. Принтер Т-тәрізді қимасы бар бөлшектерді шығарады. Королдік технология институтының инженерлері микроэлектрониканың жоғары жағындағы металдың өзге элементерден электрмен оқшауланғанын жеткізді. «Мұндай технология осы уақытқа дейін мүмкін болмай келді, өйткені, қолданыстағы жартылай өткізгіш технологияны қолдана отырып, дәл бөлшектерді өндірудің бастапқы құны жүздеген мың долларды құрайтын, ал тапсырысты орындау уақыты бірнеше ай немесе одан да көпке созылатын», - дейді зерттеуге атсалысқан Фрэнк Никлаус. Ғалымның айтуынша, Королдік технология институты мамандары ойлап тапқан бұл әдіс микроэлектроника өндірісінің жаңа стандартын белгілейді, дәлірегі, микроэлектроника өндірісін арзан әрі тимді жолмен өндіруді жаңа белеске көтремек.

0 пікір
Мұрағат