Мұсылман студент «сөйлейтін» қолғап ойлап тапты (видео)
Мұсылман студент «сөйлейтін» қолғап ойлап тапты (видео)
8 жыл бұрын 4419

Вашингтон университетінің студенті Нәуид Азоди курстасы Томас Прайормен бірге супертехнологиялы қолғап ойлап тапты. Бұл қолғап ым-ишаратты жазба немесе ауызша тілге айналдырады. Осы өзгеше құрылғыны ойлап тапқандары үшін оларға Массачусет технологиялық университетінің сыйлығы табыс етілді.  «Алғашқыда бізді тек технологиялық шешімі қызықтырған болатын және соның жауабын іздедік. Сонымен бірге, біз тілдесудің адам құқығының бірі екеніне көз жеткіздік»,- деді студенттер мақсаттарын түсіндіре келе. Қолғапқа жалғанған сенсор әр қимыл-қозғалысқа үн қатады, осылайша ым-ишарат түріндегі ақпарат компьютерге сымсыз байланысады. Бұл өз кезегінде тілдік бірліктің қимылымен салыстырылады. Содан соң сөйлем динамикадан дыбысталады немесе жазбаша тілге айналады. 

Пәкістандық суретшінің фантастикалық инсталляциясы (ФОТО)

Пәкстан суретшісі Анила Кайюм Ага жарықтан құбылатын, ирандық сәулет өнерін паш ететін инсталляцияны жұрт назарына ұсынды. Ол қара лакпен боялған ағаштан жасалған кубқа лазердің көмегімен ою-өрнек салған. Куб ілініп тұрады, оның ішінде тек бір лампа ғана болады, техниканың көмегімен 9x10 м ауқымда жарық пен көлеңке өзгеше құбылатын болады. Инсталляция, бір ғажабы, ирандық мешіттердің атмосферасын дәл береді.

 

 

0 пікір
Мұрағат