Музыка адамның көзіне әсер етеді
Музыка адамның көзіне әсер етеді
8 жыл бұрын 3344 ҚазАқпарат

Қарашық көзге түскен жарық ағынының мөлшерімен кеңейе немесе тарыла отырып, жарықты қабылдау арқылы адамға қоршаған ортаны көруіне жәрдем ететіні баяғыда дәлелденген.

Бірақ, қарашық көлемінің өзгеруінің физикалық қана емес, сезім арқылы жа жүзеге асатын түрі бар. Түрлі жағдайда алған эмоциялар да көзге ықпал етеді. Қарашық көлемі ой әрекеті ауысқан кезде өзгереді.

Алайда, Вена университеті мен Инсбрук Университетінің өкілдері  жүргізген эксперимент  барысында қарашыққа музыка әсер ететіні анықталды.  Әннің тыңдаушыға эмоциялық әсер ететіні белгілі. Зерттеу барысында, еріктілерге біраз музыкалық туындыларды тыңдау ұсынылды. Ғалымдар болжағандай,    даңғаза әуендерді тыңдағанда қарашық кеңейген, ал баяу әуен еш реакция бермеген. Адам өз өміріндегі маңызды оқиғаларына байланысты әуен үзіндісін тыңдаған сәтте қарашықтың серпіні күшейген.

Зерттеу нәтижелерінің дәйектілігі үшін эксперимент уақытында музыканың эмоциялық жүктемесі талқыланды. Ал кейіннен қатысушылар композиция үзінділерін тыңдаған, сол уақытта олардың қарашықтарының мөлшері өлшенді. 

0 пікір
Мұрағат