|
Нобел сыйлығының лауреаты обырды жеңуге не кедергі екенін айтты
|
Физиология және медицина саласы бойынша Нобел сыйлығының иегері Джеймс Уотсон адамзат талай ғасырды артқа тастап, барлық салада дамуға қол жеткізсе де ғалымдардың осы уақытқа дейін обыр дертін жеңе алмай келе жатқанының себебіне үңіліпті. Әлемге әйгілі ғалымның айтуынша, обыр - тез мутацияланатын дерт. Яғни, обыр жасушасы емдеу тәсіліне төтеп бере алатын қасиетке ие болады. "Міне, осы бізге обырды жеңуге кедергі келтіреді: ісік шалған жасуша мутацияланады да емдеу тәсіліне төтеп беретін қасиетке ие болып шығады. Антибиотик дәрменсіздік танытатын супербактериялар турасында да осыны айтуға болады",- деп мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, Джеймс Уотсон Нобел сыйлығын 1962 жылы ДНК спиралын ашқаны үшін алған болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды