Обырды зерттеу саласында аса маңызды қадам жасалды
Обырды зерттеу саласында аса маңызды қадам жасалды
2 ай бұрын 710 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Таяудағы зерттеуде адам организіміндегі аллергияға және басқа да иммундық реакцияларға жауапты иммундық жасушалардың қатерлі ісікке қарсы ықтимал әсері анықталды. Бұл жайында islam.kz порталы Cell мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Адам бойындағы туабітті «2 типті лимфоидты жасушалар» (ILC2) деп аталатын жасушалар қатерлі ісік қорғанысына шабуылдау және жою мүмкіндігін қамтамасыз етеді. City of Hope ғалымдары ILC2-ны обыр түрлерін, соның ішінде қанның қатерлі ісігі мен қатты ісіктерді тікелей жоя алатын жаңа жасуша түрі ретінде анықтаған. Бұл тараптағы зерттеуге атсалысқан Жианхуа Йу болашақта бұл жасушаларды денеден тыс жерде өндіріп, қатырып, кейін науқастарды емдеуге қолдануға болатынын атап өтті. Науқастың өз жасушаларын пайдалануды талап ететін Т-жасушалық негізіндегі терапиядан айырмашылығы - ILC2-ді донорлардан алуға болады. ILC2 тиімділігін тексеру үшін ғалымдар қан үлгісінен жасушаларды бөліп алып, төрт апта ішінде ILC2 санын 2000 есе арттыратын платформаға орналастырды. Содан кейін ғалымдар көбейген ILC2-ді жедел миелоидты лейкоздан немесе қатты ісіктерден, соның ішінде ұйқы безінің қатерлі ісігінен, өкпе обырынан және глиобластомасынан зардап шегетін тышқандардың организіміне енгізді. Тәжірибе нәтижесі ILC2-нің әлі белгісіз тетік арқылы қатерлі ісік жасушаларын жоюға қабілетті екенін көрсетіп берді.

0 пікір
Мұрағат