Өнертапқыш көлікті қырынан жүргізетін дөңгелек ойлап тапты (ВИДЕО)
Өнертапқыш көлікті қырынан жүргізетін дөңгелек ойлап тапты (ВИДЕО)
8 жыл бұрын 3091

Канадалық өнертапқыш Вильям Лиддьярд кәдімгі алға және артқа жүретін ғана емес, көлікті бір жақ жанына қарай қозғайтын ерекше дөңгелекті көрсетті. Дөңгелек формасы бізге үйреншікті пішінде.

Бұл дөңгелектерді канадалық өнертапқыш "Liddiard Wheels" деп атады және оның технологиясы кез келген дөңгелекті көлікті арналған. Лиддьярд басқа өнертабыстарға қарағанда, өзі жасап шығарған дөңгелектер үшін автокөліктің жобасына өзгеріс енгізудің қажеті жоқтығын және дәстүрлі дөңгелектермен сипаттамасы бірдей екенін атап өтті.  

Бейнероликте көрсетілген дөңгелектер - жай ғана прототиптер. Жыл басында Лиддьярд өзі ойлап тапқан жаңалықтарға "Goodyear" немесе "Honda" секілді ірі сатып алушы тапқысы келетінін айтқан болатын.

«Дөгелектің айналу кезіндегі көрсеткіші дұрыс саналмады, осы кемшілік көлік жылдамдығына әсер еттті, алдағы уақытта бұл қателік түзетіледі», дейді өнертапқыш. 

0 пікір
Мұрағат