Отандық ғалымдар жасартатын бірегей қоспа әзірледі (видо)
Отандық ғалымдар жасартатын бірегей қоспа әзірледі (видо)
8 жыл бұрын 4148

Бидайдың өзегі кәдеге жарады. Алматылық ғалымдар агроөнеркәсіп саласында тың жаңалық ашты. Ет және сүт өнімдерін дайындауда кәдуілгі бидайдың өзегін пайдалануды ұсынып отыр. Бұл жаңалық отандық өнімдердің сапасын көтереді,- дейді ғалымдар. Себебі бидайдың өзегінде ағзаға қажетті ақуыз бен майлардың мөлшері көп екен 

Жоғары сұрыпты ет және сүт өнімдерін жасауда кәдуілгі бидайдың өзегі таптырмас қоспа екен. Себебі онда ағзаға қажетті дәрумендер өте көп. Десек те, бидайды өңдеу кезінде бұл қоспа жарамсыз және оны жем ретінде пайдаланады жұрт. Сонымен қатар, аталмыш өнім опа- далап жасауға да таптырмас шикізат көрінеді.

«Қазақстан қазір дәнді дақыл өндіру тұрғысында алдыңғы орында. 10 тоннаға жуық ұнды экспортқа шығарамыз. Бірақ бидайды өңдеу барысында оның өзегі есепке алынбайды. Себебі ол ұнның сапасына кері әсерін тигізеді. Ал, оның басқа салаға тигізер пайдасы көл-көсір. Мысалы ондағы ағуыздың мөлшері етте кездесетін ақуыздан кем емес, ал құрамындағы май жасартатын қабілетке ие»,- деді ҚР ҰҒА академигі, институт бөлімінің меңгерушісі Үрішбай ШОМАНОВ.

Ғалымдарымыздың жаңалығы шет елдік инвесторларды да қызықтырып отыр. Олар бізге сүт өнімдерін өңдейтін зауыт салып бермек. Қазірдің өзінде құрғақ шұбат, қымыз өндірісі қолға алынып отыр. Тіпті, оны өңдейтін жаңа құрылғы да бар.

«Қазір қымыз бен шұбаттың құрғақ түрін дайындайтын құрылғының патенті өзге елдерде сұранысқа ие. Бізге түрлі хат жіберіп, сатып алғысы келетіндер бар. Бірақ оны сататын ойымызда жоқ. Өйткені алдымен өзімізде өндіруіміз қажет»,- деді ғалым.

Дегенмен шетелдік пайдакүнемдер елімізге арнайы келіп, аталған жаңашылдыққа құда түсіп жүрген көрінеді. Егер оларға берсек, өзіміздің тауарлар бізге екі есе бағамен сатылады деп топшылайды ғалымдар.  

0 пікір
Мұрағат