|
«Panasonic» қызанақ тергіш робот шығарды (видео)
|
«Panasonic» компаниясы бақшадан қызанақ теретін роботты көпшілікке ұсынды. Бұл туралы аталмыш компанияның ресми сайты хабарлады. Құрылғының жұмысындағы басты міндетті оның «көзі», яғни жемістерді танып, білетін шағын камерасы атқарады. Мұнан өзге, роботтың сенсоры қызанақтың пісіп-жетілгендігін немесе әлі шикі екендігін дәл анықтайды. Робот піскен қызанақты жазбай таниды екен. «Panasonic»-тің жаңа роботы 20 секундта бір жемісті тереді. Бірақ, өнертапқыштар бұл көрсеткішті 6 секундке дейін азайтуды жоспарлауда. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл құрылғыны ауыл шаруашылығында кеңінен қолдануға болады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады