|
Пластиктің баламасы жасалуы мүмкін
|
Ғалымдар теңіз балдырынан инновациялық өзгеше материал жасады. Ол алдағы уақытта қоршаған орта мен экологияға аса қауіпті пластиктің орнын басуы мүмкін. Тарқатып айтқанда, ғалымдар агардың негізінде өзгеше полимер жасады. Агар – теңіз балдырынан алынатын гелетектес материал. Оны қайнату арқылы алады. Содан соң гель түріндегі агарды арнайы қалыпқа салып, екі күн қатарынан қатырып қояды. Осыдан кейін оны желге қақтырып, кептіреді. Өздеріңіз білесіздер, пластик толық шіріп біткенше жүздеген жылдар кетеді. Сол себепті, оның зияны ұрпақтан ұрпаққа өтіп отырады. Оның үстіне, пластик тұзды теңіз суында улы заттар бөледі. Бұл өз кезегінде теңіз жануарларына аса қауіпті әрі зиянды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар тауық жұмыртқасындай қарбыз сортын шығарды
■
Қазақстан Орталық Азияда «жұмсақ күш» жаһандық рейтингінде көш бастады
■
Цифрлы төлем жүйесі туралы аз-кем дерек
■
Өткен жылы сукук нарығы 1 трлн доллардан асты
■
Әлемде алғаш рет асыл тастарға цифрлы инвестиция салуға болатын ислами банк ашылды