Қатерлі ісікпен вирус көмегімен күресу тәсілі пайда болды. Қатерлі ісікпен күресуге арналған, бактерия негізінде биоробот жасалды
Қатерлі ісікпен вирус көмегімен күресу тәсілі пайда болды. Қатерлі ісікпен күресуге арналған, бактерия негізінде биоробот жасалды
2 жыл бұрын 1719 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар қатерлі ісікпен күресу үшін адамға алғаш рет Vaxinia деп аталатын жасанды вирусты енгізді. Бұл жайында islam.kz порталы ScienceAlert ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған вирус қатерлі ісікті таңдап-талғап жояды, яғни, сау жасушаларды айналып өтеді, залалын тигізбейді. Бұл тарапта жануарлаға жүргізілген тәжірибе оң нәтиже көрсетті. Vaxinia (CF33-hNIS) — шешектің түрлендірілген (модификацияланған) вирусы. Адам организімінде ол қатерлі ісік жасушалары жойылмайынша өздігінен көбейеді, яғни, жаңа вирус бөлшектерін босатады. Сау жасушаларға зияны болмайды. Бұл дәрі иммундық жүйені ынталандырады, яғни, онкотерапияны тиімді етеді. Бұл бағытта арнайы жүргізілген клиникалық сынаққа қатысқан 100 науқас стандартты ем-*домның екі түрінен сәтті өтті. Пациенттер организіміне вирустың аз мөлшерін иньекция арқылы енгізеді.

Қатерлі ісікпен күресуге арналған, бактерия негізінде биоробот жасалды

Ғалымдар ішек таяқшасы деп аталатын бактерия негізінде қолдан басқарылатын биогибридті робот жасады. Аталған бактерияға қосылған жасанды компоненттер басқаруды жеңілдетеді, онкологиялық ауруларды емдеуге қажетті заттарды алып жүруіне көмектеседі. Бұл жайында islam.kz порталы science.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Макс Планк атындағы интеллектуалды жүйелер институтының ғалымдары биогибридті микророботтар жасау үшін E. coli бактерияларын жасанды компоненттермен жабдықтады. Оларды магнит өрісі мен инфрақызыл сәуле арқылы басқаруға болады. Бұл бағытта ғалымдар әрбір бактерияға нанолипосомалар мен темір оксиді молекулаларын кіріктірді. Сфералық липосомалар суда еритін химиотерапиялық препараттармен толтырылған және жақын инфрақызыл сәулелену әсерінен балқитын материалдан тұрады. Нанолипосомалар дәріні жеткізу үшін қолданылады, ал темір оксидінің магниттік қасиеттері бактериялардың қозғалысын басқаруға көмектеседі. Бұл тарапта арнайы жүргізілген бірқатар тәжірибе барысында зерттеушілер түрлендірілген бактерияларға әсер ету арқылы әртүрлі тіндерге дәрілік препаратты жеткізе алатынын және инфрақызыл сәулемен әсер ету арқылы оларды тіннен шығаруға болатынын көрсетті. E. coli бактериясы сұйықтықтардан жоғары тұтқыр тіндерге дейінгі материалдарды шарлай алады, яғни, жақсы жүзе алады. Бұған қоса, аталған бактерия қатерлі ісіктің қайда орналасқанын химиялық маркер (химиялық белгісі бойынша) сезе алады. Дәлірегі, қатерлі ісік жасушаларының айналасының қышқылдық деңгейі жоғары әрі оттегі мөлшерінің аз болады. Міне, осыны алыстан сезеді. Қатерлі ісіктерді емдеуге арналған бактериялық инъекциялар - бактериялық терапия - медицинада бұрыннан қолданылып келеді. Бұл әдіс иммундық жауапқа (реакцияға) негізделген: микроорганизмдер ісік орналасқан жерге көшіп, сол жерде өседі және осылайша пациенттердің иммундық жүйесін белсендіреді. Аталмыш зерттеуге жетекшілік еткен Жүніс Алапанның айтуынша, гибридті бактерияларға негізделген жаңа тәсіл тиімдірек жұмыс істейді. Ол бір мезгілде иммундық жүйені белсендіреді және ісіктерді емдеу үшін дәрі-дәрмек жеткізеді. Дәлірегі, дәріні жеткізуде науқасқа ауырсынуды сездірмейді, уыттылығы аз болады, ал дәрінің өзі бүкіл денеге таралмайды, ауру жайлаған жерге ғана әсерін тигізетін болады.

Нанолипосомалар мен магнитті бөлшектер биотин мен стриптовидиннің тұрақты және берік қосылысы арқылы бактерия денесіне бекітіледі. Бейне: Mukrime Birgul Akolpoglu et al., Science Advances

0 пікір
Мұрағат