Құтқарушы робот-тарақан (ВИДЕО)
Құтқарушы робот-тарақан (ВИДЕО)
8 жыл бұрын 4065

Калифорния университетінде төтенше жағдайларда зардап шеккендерді іздеу және құтқаруға көмектесетін тарақанға ұқсас робот жасап шықты, деп жазады The Verge басылымы.

Қазіргі уақытта CRAM атаулы алғашқы нұсқа дайын. Роботтың үйінді және қираған үйлердің тар қуыстары мен жарықтарында еркін жүруіне мүмкіндік беретін жасанды сыртқы қаңқасы - экзоқаңқасы және жеңіл қабыршағы бар.

CRAM жобасын әзірлеушілер Каушик Жайрам мен Роберт Фулл роботты жасау барысында тарақандарға түрлі тәжірибе жасап көрген.

Сынақ барысында зерттеушілер жәндіктің тар тесіктен өз салмағынан 900 есе жоғары салмаққа шыдап қысылып өтетін және тайғақ жерде жылдамдығы төмендейтінін байқаған. Осының арқасында «жәндікке» үшін тар жерден өтуге мүмкіндік беретін жұмсақ экзоқаңқа әзірленген. 

0 пікір
Мұрағат