Саңырауқұлақ қабығынан компьютер чипі жасалды
Саңырауқұлақ қабығынан компьютер чипі жасалды
1 жыл бұрын 1366 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Австриялық зерттеушілер саңырауқұлақ терісін (қабығын) компьютерлік чиптер үшін биологиялық ыдырайтын негіз ретінде пайдалануға болатынын дәлелдеді. Ғалымдардың пікірінше, мұндай чипті пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін жою әлдеқайда оңай. Бұл жайында islam.kz порталы techxplore.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қазір микросхемалардың көпшілігі пластикалық негізде жасалады, алайда, бұл мақсатта қолданылатын пластиктің түрі қайта өңделмейді. Жыл сайын әлемде 50 миллион тоннаға жуық электронды қалдық полигонға тасталатындықтан қоршаған ортаны ластайды. Йоханнес Кеплер университетінің бір топ ғалымдары пластмассаны Ganoderma lucidum түріндегі саңырауқұлақтардың терісіне ауыстыруды ұсынды. Олар қураған қатты ағаштарда өседі және басқа саңырауқұлақтар мен бактериялардан қорғану үшін арнайы тығыз қабығын өсіреді. Ganoderma lucidum терісі икемді және жоғары температураға төтеп бере алады. Егер сіз оны жарық пен ылғалдан алыс сақтасаңыз, ол өте ұзақ уақыт кәдеге жарауы мүмкін. Зерттеушілердің пікірінше, бұл қасиеттердің барлығы материалды тамаша чип субстратына айналдыра алады. Ғалымдар бу фазасын тұндыру және лазерлік импульсті қолдана отырып, саңырауқұлақ терісіне металл электронды компоненттерді қолдану әдісін әзірледі. Бұл тараптағы тәжірие барысында, дәлірегі, 2000 иілуден кейін оның үстінде бірде-бір жарықшақ пайда болмады. Десе де әлі де қиындықтар кездеседі. Мысалы, мұндай чиптерді өндіру кезінде терінің дұрыс жұмыс істейтініне көз жеткізу үшін қосымша сынақтар жүргізілуі керек.

Using mushroom skin as a base for computer chips

Using mushroom skin as a base for computer chips

 Ұқсас материалдар:

«Жаңа буынды фотоникалық чиптері» үшін өнімділігі жоғары толқын жетектері жасалды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/jana-buyndy-fotonikalyq-chipteri-ushin-onimdiligi-jogary-tolqyn-jetekteri-jasaldy-17318/#gsc.tab=0);

"Бөгде біреу бұзып кірмек болғанда ақпаратты өздігінен жоятын чип жасалды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/bogde-bireu-buzyp-kirmek-bolganda-aqparatty-ozdiginen-joyatyn-chip-jasaldy-video-14177/#gsc.tab=0);

"Жаңа чип деректерді беру жылдамдығының әлемдік рекордын жаңартты" (https://islam.kz/kk/news/gylym/jana-chip-derekterdi-beru-jyldamdygynyn-alemdik-rekordyn-janartty-17566/#gsc.tab=0);

"Алғаш рет нейроморфты чип жасалды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/algash-ret-neiromorfty-chip-jasaldy-15586/#gsc.tab=0);

"Жасанды интеллекті «эволюциясы»: иіс сезетін чип жасалды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-intellekti-evolyutsiyasy-iis-sezetin-chip-jasaldy-13370/#gsc.tab=0);

"Пластиктен микрочип жасалды" (https://islam.kz/kk/news/arturli/plastikten-mikrochip-jasaldy-15530/#gsc.tab=0);

"Чип-жүрек шын жүрек сияқты жұмыс істейді" (https://islam.kz/kk/news/gylym/chip-jurek-shyn-jurek-siyaqty-jumys-isteidi-video-16988/#gsc.tab=0);

"Сперматозоидті іріктейтін чип белсіздікпен күресуге көмектеседі" (https://islam.kz/kk/news/gylym/spermatozoidti-irikteitin-chip-belsizdikpen-kuresuge-komektesedi-16794/#gsc.tab=0);

"Шыбын миына чип енгізіп, жәндікті қашықтан басқаруға қол жеткізді " (https://islam.kz/kk/news/gylym/shybyn-miyna-chip-engizip-jandikti-qashyqtan-basqaruga-qol-jetkizdi-video-17140/#gsc.tab=0);

"RFID-чип дегеніміз не?" (https://islam.kz/kk/news/arturli/rfid-chip-degenimiz-ne-fotovideo-10814/#gsc.tab=0);

«Қытай микрочипінің әскери қуаты» (https://www.islam.kz/kk/news/alem/qytai-mikrochipinin-askeri-quaty-13332/#gsc.tab=0);

«Қытай дамуының жаңа "платформасы"» (http://islam.kz/kk/news/alem/qytai-damuynyn-jana-platformasy-11484/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат