|
Шөл далада күніне ең аз дегенде 6 литр су жинайтын гел жасалды
|
Техастық ғалымдар, тіпті, шөл даланың өзінде ауадан ауызсу жинайтын гел пленкасын жасады. Бұл жайында islam.kz порталы The Science Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ол екі доллар тұратын әрі құрылымы жағынан сағызды еске түсіретін материалдан жасалды. Егер ауаның ылғалдылығы салыстырмалы түрде шамамен 30% болса, онда гелдің әр келісі тәулігіне 13 литр су жинайды. Егер ауа ылғалдылығы 15%-дан аспаса, онда тәулігіне алты литр су сіңіреді ауадан. Гел пленкасы жаңарып отыратын (яғни, жаңғыртылатын) целлюлозадан және кониак сағызынан тұрады. Бұл компоненттер материалға суды ауадан сіңіруге көмектеседі, содан соң қажетіне қарай бөледі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады