|
Ұшуымен қатар суда да жүзе алатын дрон жасалды (видео)
|
АҚШ-тың Ратгер университетінің ғалымдары мен студенттері ұшумен қатар суда да жүзе алатын жаңа дрон ойлап тапты. Алыстан басқарылатын бұл техника ұшып жүріп, су асты режиміне тез бейімделеді немесе керісінше. Аталмыш жобаға АҚШ-тың мұхитты зерттейтін кеңсесі мүдделілік танытып отыр. Себебі, бұл дрон көпірлердің іргетасын, судың ластану деңгейін қадағалауға және іздестіру-құтқару жұмыстарын орындауда таптырмас көмекші бола алады. Бұл техника, сондай-ақ, әскери мақсатта да пайдаланылуы мүмкін. Мәселен, су астына жасырылған минаны іздеу кезінде.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады