Вируста сана бар ма? (жалғасы)
Вируста сана бар ма? (жалғасы)
3 жыл бұрын 4207 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Басы мына сілтемелерде: https://islam.kz/kk/news/gylym/virusta-sana-bar-ma-14375/#gsc.tab=0, https://islam.kz/kk/news/gylym/virusta-sana-bar-ma-jalgasy-14386/#gsc.tab=0

3. Вирустар нені қалайды немесе қалауы қандай?

Жалпы, вирустарға бұл не үшін қажет – өзгелер үшін өзін құрбандыққа шалудың, бір-біріне жәрдемдесудің, байланысты, коммуникацияны, ұжымдық сананы жетілдірудің сыры мен құпиясы неде? Тірі жан болмаса, олардың көздеген түпкі мақсаты қандай? Бұл сауалдардың төркіні адамға тікелей қатысты: үлкен есепте вирустар дегеніміз – ген. Кез келген геннің ең басты міндеті – уақыт пен кеңістікте таралуы үшін өзін барынша көшіру. Бұл тұрғыдан келгенде, дәлірегі, өзіндегі ақпаратты сақтау мен таратуға мүдделі вирустың біздің генімізден көп айырмашылығы жоқ. Түптеп келгенде ұқсас тұстары көп. Біз өзіміз вируспыз – адамның шамамен 8%-ы. Яғни, біздің геніміздің құрамындағы вирустық ген осынша шамада. Олар қайдан пайда болды? Қандай да бір иесінің жасушасындағы ДНҚ-ға еніп, «ғұмырын» ұзартатын вирустар да бар: ретровирустар. Мәселен, ретровирустарға ВИЧ-ті жатқызуға болады. Ретровирустардың генетикалық ақпараты РНҚ молекуласында жасырынған, яғни, құпияланған. Вирус жасушасының ішінде осы молекуланың ДНҚ-көшірмесін жасау процесі жүзеге асады. Содан соң оны біздің генімізге кіріктіру арқылы оны өзінің РНҚ-сын жинайтын конвейрге айналдырады. Кейде былай да болады: жасуша вирустың РНҚ-сын басып тастайды. Оның ДНҚ-сына жайғасқан вирус бөліну қабілетінен айырылып қалып жатады. Мұндай жағдайда вирус гені жаңа жасушаға берілетін генетикалық балласт (яғни, жетіп алуға қажетті уақытша материал) бола алады. Ең көне ретровирустың жасы «қазбалы қалдықтардан» белгілі болғандай – яғни, біздің генімізде осыдан шамамен бері алғанда 10 млн жыл, ары кетсе 50 млн бұрын пайда болған. Адам өзінің осы уақытқа дейін геніне шамамен 98 мың ретровирус жинаған. Ата-бабаларымыз жұқтырып, ұрпақтан ұрпаққа өткен. Бүгінде олар 30-50 әулеттен тұрады, олардың өзі екі жүздей топ пен топ ішіндегі топтардан тұрады. Генетиктердің есебінше, адам ДНҚ-сының бір бөлігіне айнала алған соңғы ретровирусты шамамен ата-бабамыз осыдан 150 мың жыл бұрын жұқтырған екен. Сол кезде біздің ата-бабамыз бүгінгідей пандемияны бастан кешірген болатын. Бүгінде реликтивті (яғни, өткен шақтың өкілі) біздің организімізде не істеп жүр? Олардың кейбіреулері өздерінің бар екенін де сездірмейді. Әлде бізге солай көріне ме: кейбіреуі адам ұрығын инфекциядан қорғауға көшкен. Я болмаса организмде пайда болған жат молекулаға қарсы антителдің синтезделуіне ықпал етеді. Қысқасы, вирустардың миссиясы біз ойлағаннан әлдеқайда маңызды мәнге ие болып отыр.

(жалғасы бар)

0 пікір
Мұрағат