|
Айт күні Алланың аты жазылған орамжапырақ табылды (ФОТО)
|
Қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіретін Ораза айт мейрамының екінші күні Алматы қаласында «Алла» жазуы бар орамжапырақ табылды. Орамжапырақтың ортасында жазылған Жаратушының есімін Алматы қаласының жас тұрғыны Жадыра Дауылбайқызы әкесіне түскі ас әзірлеп жатқан кезде тауып алған екен. "Таугүл" мешітінен діни сауатын ашқан Жадыра "Алла" деген жазуды бірден байқапты.
Жадыраның отбасы мұны жақсылықтың нышаны деп қабылдап отыр.
ҰБТ-дан биыл 121 балл алған Жадыра Алматыдағы №175 гимназияны үздік бітіріпті. Халықаралық IT университетінің журналистика факультетіне тапсырған ол шығармашылық емтиханнан да өте жоғары 97 балл жинаған екен.
Соңғы кездері ұлық Алланың аты бейнеленген ғажайыптар ел тұрғындарын таң қалдыруда. Рақымды, мейірімді Алла Дауылбай Жарылқапұлының отбасына да осындай нығметті нәсіп еткен екен. Алла бұл отбасыға Өзінің мейірімі мен берекесін сыйласын деп тілейміз!
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды