|
Әлемде тұңғыш рет мешіт пен синагога және шіркеуге – ортақ ғимарат салынады (видео)
|
«Бірдің үйі» - негізінде монотеистік принцип жатқан ислам, христиан және иудей діндеріне ортақ, алдағы уақытта Германия астанасы – Берлин қаласында тұрғызылатын ғибадат ғимараты осылай аталатын болды. Аталмыш ғимарат XIII ғасырда салынған көне шіркеудің орнына тұрғызылатын болды. Толеранттылықты ту еткен бұл жобаны қолға алған Фритьоф Тимнің (Frithjof Timm) айтуынша, аталған ғибадат ғимаратының есігі біреу – құлшылық еткісі келген иудей де, мұсылман да, христиан да осы есіктен енеді. Ішке кірген соң өзіне қажетті құлшылық ететін орынға барады. Бұл жоба 43 млн еуроға бағаланып отыр. Бұл қаражат садақадан жиналатын болады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды