|
Алыстан талақ айту әдетке айналып барады
|
Үндістанда мұсылман әйел күйеуінің жедел пошта арқылы талақ айтқанынан кейін Жоғарғы сотқа жүгінді. Африн Рехман есімді 25 жастағы келіншек осыдан екі жыл бұрын ұзатылып, Джайпурда ата-енесімен бірге тұрып келген. Қалыңдықтың жасауына көңілдері толмаған отбасы үлкендері келіндерін шетқақпай ете берген көрінеді. «Мен төркіндеп кеткенімде күйеуімнің жедел пошта арқылы талақ айтқан хатын алдым»,- деді ол. Мұндай әділетсіздікке төзе алмаған ол жоғары сотқа шағымданған. Бұл жайында "IslamNews» порталы «Huffington Post India» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Айта кету керек, кейінгі кезде аталған елде смс, әлеуметтік желі, телефон және пошта секілді байланыс құралдарымен ажырасуды талап етіп, талақ айту кеңінен тарай бастаған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды