|
Биыл Меккеге 1,5 млн қажы келеді
|
Сауд Арабиясы билігі биыл Мекке қаласына қажылық жасауға 1,5 миллионнан аса мұсылман келеді деп жоспарлайды. Айта кетсек, алғашқы қажылар легі өткен аптада Үндістаннан жеткен болатын. Мекке әкімшілігі осы уақытта қала және қасиетті орындар тазалығына 23 000-нан аса жұмысшы жұмылдырылғанын хабарлады. Ақпарат құралдарының мәліметінше, алғашқы қажылар Мәдина қаласындағы Мұхаммед ханзада халықаралық әуежайына келіп түскен. Қажылақ ұшағы Нью-Делиден жетті. Мұнан соң Пәкістан мен Бангладеш елдерінен мұсылмандар келді. Араб емес елдердің ішінде алғашқы болып Оңтүстік Африка республикасынан 6 тамыз күні Жиддаға келді. Сонымен қатар, Меккеге Палестинадан 1 000-ға жуық мұсылман келмек. Биыл қажылық маусымы 75 күнге созылады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды