|
КОЛУМБИЯ ФЕРМЕРЛЕРІ ЕСІРТКІ ОРНЫНА ДӘНДІ ДАҚЫЛ ЕКПЕК
|
Колумбияда өткен жылы кокаин есірткісін өсіру көлемі 34 пайызға артып, 866 тоннаға жеткен. Бұл деректі Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқарамасы жария етті.
Ұйым баяндамасына сүйенсек, егістік алқабы 2015 жылмен салыстырғанда 96 мыңнан 146 мың гектарға дейін ұлғайған. Мамандар бұл ел тарихындағы ең ірі меже екенін айтты. Әсіресе есірткі егу Эквадор мен Венесуэла шекарасына жақын аймақтарда көбейген. Колумбия билігі болса, мәселемен күресу үшін барлық шараны қолға алып жатқанын айтады. Мысалы, биыл шаруалардың 50 мың гектар есірткі алқабын күштеп жойып, тағы 50 мың гектар жерді ерікті түрде басқа дәнді дақылдармен ауыстыру көзделіп отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды