|
Мұсылман туристер үшін үздік елдердің тізімі жарияланды
|
Санақ бойынша мұсылман саяхатшылар әлемдегі барлық саяхатшылардың 10% құрайды екен. Мұсылман саяхатшылар үшін TОП бағыттар - Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері мен Түркия. Бұл туралы туризмге жауапты бүкіләлемдік мұсылмандар индексі атты ұйым тұжырым жасап отыр. Жалпы алғанда, зерттеу 130 туристік бағытты қамтыған. Зерттеушілер бүкіл әлем бойынша мұсылмандар үшін тартымдылық ықтималдығы ең жоғары елдерді талдаған. Мұсылман саяхатшылардың Еуропа мен Азия екі құрлықтағы үлесі 87% құрап отыр. 2015 жылдың зерттеу нәтижесі бойынша бүкіл әлем саяхатшыларының 10% мұсылмандарды құраса, оларды нақты саны 117 миллион адамға жеткен. Сонымен қатар, сарапшылар 2020 жылға қарай саяхатшы мұсылмандар саны 168 миллионнан астам адам болады деп болжап отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Бейнебақылау камерасының адам психикасына бейсаналы әсерінің салдары анықталды
■
Адам ДНҚ-нан “құдіретті күштің” ізі табылды
■
Африкадағы дағдарыстың ең басты себебі айтылды
■
Кездейсоқ ашылған жаңалық: суықтау микробтарға байланысты болмай шықты
■
Қырғызстанда мәйітті рұқсатсыз жерлегендер мен эксгумация жасағандарға жаза күшейтілмек