Намаз оқуға арналған әйел көйлектерінің көрмесі өтті (фото)
Намаз оқуға арналған әйел көйлектерінің көрмесі өтті (фото)
8 жыл бұрын 9973

Санкт-Петербор қаласында Ресей Федерациясы аумағында тұңғыш рет намаз оқуға арналған көйлектер көрмесі өтті. Сета Яндиеваның коллекциясы бойынша. Мұсылман қыз-келіншектеріне көп көмегін тигізетін осынау ауқымды әрі маңызды шараға байланысты «Piter.TV» арнасы бренд авторынан арнайы сұхбат алған болатын. Сета мұндай идеяның басына қалай келгенін айтып берді. Ол намаз оқыған кезінде көйлегінің сапасыз тігілгеніне көңіл аударған. Ал көшеге шыққанда барынша сәнді көйлекпен шығатынын ойлап, Жаратқанның алдында бұл қылығын ерсі көріп, осындай қадамға барғанын жеткізді. Өзі тігінші бола тұра неге намаз оқуға қолайлы көйлек тікпеске? Осылайша «Your Amazing Namaz Dress» (YAND) жобасы дүниеге келген. Бір қызығы, оның көйлектерінің іші-тысының сапасы бірдей, тысын ішіне қаратып та кие беруге болады. Тігісі білінбейді. Жүз пайыз жібектен тігілген. Бұл киімдерді сатудан түскен табыстың бір бөлігі мұқтаждардың қажеттілігіне жұмсалады.   

0 пікір
Мұрағат